Тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысы, жинақты темірбетонды және бетонды құрылымдар мен бұйымдардың өндірісі

Тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысы, жинақты темірбетонды және бетонды құрылымдар мен бұйымдардың өндірісі

 Каз  Рус
+7 (7112) 27 57 37
+7 (7112) 24 16 22
+7 (701) 535 48 46
Қоңырауға тапсырыс беру

Компания туралы

Біздің компания сенімге, яғни біз шығаратын өнімге, мұнда жұмыс жасайтын адамдарға, біз жүргізіп жатқан құрылысқа деген сенімге негізделген.
Құрылыс мәселелерінің сынақтан өткен және рентабельді шешімдерін ұсына отырып, біз өмір сүруге қолайлы жағдайлар ұсынамыз.
 
"Болашақ-Т" ЖШС бас директоры
Кощанов Кайдар Жасенұлы

Біздің қызметіміз

Компания құрылымы

«Болашақ-Т» ЖШС – ПМК-2 жүйесінде 26 тамыз 1998 жылы құрылған Қазақстан нарығындағы мол тәжірибесі бар өндірістік-құрылыс компаниясы.
«Болашақ-Т» ЖШС  1998  жылдан бері әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағдарламаларына қатысатын болды. Осы кезден бастап кәсіпорын күшін жинай бастап, қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы бойынша құрылыс нарығында көшбасшылардың бірегейі атанып жүр.
Компания монолитті темірбетонды құрылыстарды, көпқабатты тұрғын-үйлерді, қоғамдық ғимараттарды, мектеп пен балабақшалар салады.  Фасадты салу  барысында сапалы құрылыс материалдары, соның ішінде гранитті және керамогранитті плиткалар, декорлы штукатура мен бояулар, өзіміз өндіретін аллюминді және металлопластикалық витраждар қолданылады.
Кәсіпорын тұрақты қаржылық жағдайға ие, бұл дегеніміз пайда соммасына жаңа құрылғылар мен техникалар сатып алуға, жұмыс өндірісінің технологияларын жетілдіруге, жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын ҚР СТ ИСО 9001-2001 сапа менеджменті жүйесі сәйкестік сертификатына ие

Кәсіпорын ҚР СТ ИСО 9001-2001 сапа менеджменті жүйесі сәйкестік сертификатына ие

ЛИЦЕНЗИЯ
 
«Болашақ-Т»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 26 тамыз 1998 жылғы  2325-1926-ЖШС мемлекеттік  тіркеу туралы куәлігіне ие. Заңды мекен-жайы: Батыс-Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Постепное ауылы. Пошталық мекен-жайы: Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ақтөбе көшесі, 295. тел/факс: (8 7112) 27 61 80, 27 57 96, 27 57 37.
Қазақстан Республикасы аумағында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін орындауды жүзеге асыруға арналған 06 қараша 2000 жылғы  МҚЛ №001694 лицензиясы келесі тізімдемелерге сай:

1. Жобалық-зерттеу қызметі (сейсмикалық емес аудандарда).
• инженерлік-геодезиялық жұмыстар;
• инженерлі-геологиялық және инженерлі-гидрогеологиялық жұмыстар;
• бірінші, екінші және үшінгі жауапкершілік деңгейлі ғимараттарды және құрылыстарды сәулетті жобалау;
• құрылыстық жобалау және құрылымдау;
• инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау;
• жобаның арнайы бөлімдерін құрастыру.

2. Құрылыс-жөндеу жұмыстары (сейсмикалық емес аудандарда).
• Жалпы сипаттағы жер жұмыстары;
• ІІ және ІІІ жауапкершілік деңгейлі ғимараттардың және құрылыстардың салмақ түсірілетін және қоршалатын құрылыстарды салу;
• Арнайы құрылыс және жөндеу жұмыстарының өндірісі;
• Ішкі инженерлік жүйелер мен құрылыс;
• Ішкі инженерлік желістер мен құрылыс және ішкі инженерлік жүйелер құрылғысы бойынша арнайы жұмыстар;
• Құрылыс пен құрылғыларды қорғау бойынша арнайы жұмыстар;
• ІІ және ІІІ жауапкершілік деңгейлі ғимараттардың және құрылыстарды күрделі жөндеу, қайта құру, құрылыс барысында әрлеу жұмыстары  (сылау мен майлау жұмыстарын қоспағанда);
• Жол салу жұмыстары;
• Технологиялық құрылғыны жөндеу;
• Объектілерді күрделі жөндеу және қайта құру, соның ішінде салмақ түсірілетін құрылыстарды күшейту.

3. Құрылыс материалдарын, өнімдер мен құрылымды өндіру (шығару) (сертификатталған өнімдерді қоспағанда).
• Өнеркәсіптік өндіріс (ауа тазартқыш, санитарлы-техникалық, электромонтажды құрылғы)
• Салмақ түсірілетін және қоршайтын құрылыстарға, технологиялық металды құрылымдық және оның бөлшектеріне арналған элементтерді шығару (өнеркәсіптік дайындау).